421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістан Үндістандағы елшісін шақырып алды

  • 858
  • UPD: 12:04, 19.02.2019
Пәкістан Үндістандағы елшісін шақырып алды

Пәкістан Үндістандағы елшісін кеңесу үшін шақырып алды. Шешім өткен аптада Джамму және Кашмир аймағында болған лаңкестікке байланысты қабылданып отыр.

Себебі осы оқиғадан соң екі мемлекет арасында қатынас шиеленісіп, Дели елшісін кері қайтарған. Еске сала кетейік, өткен бейсенбі күні Кашмирде бір лаңкес үнді жауынгерлері мінген көліктердің жанында өзін жарып жіберіп, 45 адам қаза тапты. Шабуылды «Джаиш-е-Мухаммад» лаңкестік ұйымы мойынына алды. Алайда ресми Дели лаңкестерге Пәкістан қолдау көрсетуде деп айыптап, бұл әрекетке қатаң жауап беретінін ескертті. Көп ұзамай көрші елден келетін тауарларға кедендік салықты 200 пайызға дейін өсірді.

Хабар 24 телеарнасы