385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда жүк көлігі тойға келген адамдарды басып кетті, 13-і мерт болды

  • 517
  • UPD: 17:40, 19.02.2019
Үндістанда жүк көлігі тойға келген адамдарды басып кетті, 13-і мерт болды РИА Новости

Үндістанның Раджастхан штатында үйлену тойы кезінде жүк көлігі адамдарды басып кетті.

Салдарынан 13 адам қаза тапты және 15-і жарақат алды, деп хабарлайды NDTV телеарнасы.

Оқиға дүйсенбі күні кешкісін Пратапгарх округі Амбавали (Ambawali) елді мекенінде болған. Тасжолдың бойындағы той қызып жатқан кезде жүк көлігі адамдарды басып кеткен. Телеарна хабарлағандай, зардап шегушілердің арасында қалыңдық та бар. Олар ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы