384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда белгісіз адам жаяу жүргіншілерге пышақпен шабуылдады

  • 482
  • UPD: 08:56, 20.02.2019
Францияда белгісіз адам жаяу жүргіншілерге пышақпен шабуылдады

Францияның Марсель қаласында белгісіз біреу жаяу жүргіншілерге пышақпен шабуыл жасады.

Салдарынан екі адам жарқаттанды. Оның біреуі ауыр халде. Оқиға қаланың қақ ортасында, адам көп шоғырланған аймақта болған. Полиция қызметкерлері қаскөйді бірден тұтқынға алды. Әзірге күдіктінің не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз. Жергілікті билік шабуылды теракт деп айтуға еш себеп жоқ деп отыр. Марсель қалалық прокуратурасы тергеу жұмыстарын бастады.

Хабар 24 телеарнасы