425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ парниктік газдарды шығаруды толық жоймақ

  • 1011
Еуроодақ парниктік газдарды шығаруды толық жоймақ

Әлемде соңғы жылдары парник газдарын шығару қайта көбейді.

2017 жылы оның көлемі 53 жарым миллиард тоннаға жеткен. Оның оннан бір бөлігі Еуропаға тиесілі. Салдарынан қоршаған ортаға кері әсер күшейіп, кәрі құрлықта обырға шалдыққандардың саны артқан. Осыған байланысты Еуроодақ алдағы 30 жылда парниктік газдардың таралуын мүлдем жоюды мақсат етіп отыр. Өткен жылы одақ климатты қорғау жөнінде 2050 жылға дейінгі стратегия қабылдады. Жобаға жыл сайын 290 миллиард доллар қаржы жұмсалмақ. Брюссель бұл соманы мұнай, көмір және газды импорттауды азайту арқылы қол жеткізбек. Және 2050 жылға қарай электр қуатының басым бөлігін жаңғыртылатын ресурстардан алу көзделген.

Мигель Ариас Каньете, климат және энергетика жөніндегі еурокомиссар:

– Біз 2050 жылы Еуропаның климат бойынша жақсы жетістікке қол жеткізген әлемдегі ең ірі экономиканың біріне айналуын мақсат етеміз. Бұл Еуропа елдерінің мүддесіне де сай. Париж келісімінде көрсетілген ғаламдық жылынуымен күрес жөніндегі ұзақмерзімді міндеттер толық орындалуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы