428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швейцарияда бір топ шаңғышы қар көшкіні астында қалды

  • 952
Швейцарияда бір топ шаңғышы қар көшкіні астында қалды

Швейцарияның Кран-Монтана курорттық жерінде 10-нан астам шаңғышы қар көшкіні астында қалды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, мамандар 4 адамды құтқарып алды. Олардың біреуі ауруханада ауыр халде жатыр. Қазір көшкін астында әлі 10-ға жуық адам бар. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 8 тікұшақ пен 240 құтқарушы мен кинолог мамандары жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы