426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла теңіз шекараларын жапты

  • 1304
  • UPD: 12:01, 20.02.2019
Венесуэла теңіз шекараларын жапты

Венесуэла үкіметі Кариб аралдарымен арадағы теңіз шекараларын жапты.

Ресми Каракас мұндай қадамға барудың себебін әлі түсіндірмеді. Дегенмен дәл осы аралдар арқылы оппозиция тарапы елге әлеуметтік көмек кіргізетіні белгілі. Ал Венесуэла президенті Мадуро Гуайдоны қолдап отырған АҚШ тарапының көмегін қабылдауға үзілді-кесілді қарсы. Айта кетейік, қаңтар айының соңында оппозиция көшбасшысы өзін өзі уақытша ел президенті етіп жариялаған еді. Ол мыңдаған халықтың алдында шынайы сайлау өткізу үшін президенттік міндеттерді атқаратынын айтып, уәде берген болатын.

Хабар 24 телеарнасы