389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея Вьетнамдағы саммитке қатысады

  • 572
  • UPD: 12:23, 21.02.2019
Солтүстік Корея Вьетнамдағы саммитке қатысады 3DNews

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның делегациясына Вьетнамда өтетін саммитке қатысуға рұқсатын берді.

Бұған дейін бұл ел ядролық қаруды сынақтан өткізген соң БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бірнеше шенеунікке халықаралық санкция салған болатын. Саммит ақпанның 27-сі мен 28-і аралығында өтеді. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын да Ханое қаласында кездесіп, келіссөздер жүргізуге ниет білдіріп отыр. Вашингтонның басты талабы – Корей түбегін ядролық қарудан толығымен азат ету.

Хабар 24 телеарнасы