384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде заңсыз алтын өндіруге қарсы кампания басталды

  • 423
  • UPD: 14:12, 21.02.2019
Перуде заңсыз алтын өндіруге қарсы кампания басталды

Перу билік өкілдері Амазонка алқабында заңсыз алтын өндіріп, тропикалық орманға зиянын тигізіп отырған қылмыскерлерге қарсы кампанияны бастады.

Ол үшін Мадре-де-Дьос өңіріне бір жарым мыңнан астам әскери мен полиция қызметкерлері жіберілді. Перудің Амазонкасы өзінің биотүрлілігімен танымал. Ал қылмыскерлер алтын өндіру үшін химиялық сынапты қолданып, қоршаған ортаға залалын тигізіп келеді. Перудің алдыңғы үкіметі де заңсыз алтын өндіру мәселесімен күресіп көрген еді. Бірақ нәтиже бермеді. Себебі өңірдегі қылмыстық топ, биліктегілердің жоспарынан хабардар болып отырады. Операция басталмай жатып екі полиция қызметкері мен прокурор қаза тапқан.  

Хабар 24 телеарнасы