388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония Трамп пен Ким Чен Ын кездесуіне үміт артып отыр

  • 578
  • UPD: 08:41, 22.02.2019
Жапония Трамп пен Ким Чен Ын кездесуіне үміт артып отыр

Жапон премьер-министрі Синдзо Абэ АҚШ пен Солтүстік Корея басшысының алдағы кездесуіне үлкен үміт артып отыр. Оның пікірінше, саммит Корей түбегіндегі ядролық қару мәселесін шешуге көмектесуі тиіс.

Бұл істе Токио Вашингтонмен бірлесіп әрекет етуге күш сала бермек. Абэ сондай-ақ осы кездесуден кейін президент Трамппен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты сөйлесетінін айтты. Еске сала кетейік, президент Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын арасында екінші кездесу 27-28 ақпанда Вьетнамда өтеді.

Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі:

- Алдағы саммитте Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран бағдарламасына қатысты ұтымды шешім табылады деп сенемін. Басқосуда Солтүстік Корея тарапы ұрлаған жапон азаматтарына қатысты мәселе де талқыланады деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы