429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Оңтүстік Суданда қылмыстың артуына алаңдаулы

  • 951
БҰҰ Оңтүстік Суданда қылмыстың артуына алаңдаулы

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі арнайы комиссиясы Оңтүстік Суданда қылмыс түрлерінің артуына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр.

Ұйымның жасаған мәліметі бойынша, елде мұнай кені үшін зорлық-зомбылық, адам өлтіру және қарақшылық сияқты қылмыс түрлері күн санап артып келеді. Сонымен қатар комиссия аймақта жасалған әскери қылмыстарды жіті тергеу керек деген ұсыныс жасады. Күдіктілердің тізіміне бірнеше командирлер мен қарулы топтардың басшылары, сондай-ақ шенеуніктер кірген. Абақтыда қамауда отырғандардың жай-күйі де назардан тыс қалмады. Айтуынша, ондай мекемелерде сотталғандар азап көріп, қатыгездікпен өлтіріледі.

Хабар 24 телеарнасы