378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда оқушылар шеруге шықты

  • 519
  • UPD: 18:26, 23.02.2019
Германияда оқушылар шеруге шықты

Мыңдаған жеткіншек билікті қоршаған ортаны қорғауға шақырып, ауаға таралатын қалдықты азайтуды талап етті. Әсіресе елдегі көмір электр станцияларын жауып, жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануға шақырды.

Шараны ұйымдастырушылар мұндай акцияны жыл сайын өткізуге бел буып отыр. Айта кетейік, оқушылар арасында климатты қорғау қозғалысын алғаш болып 16 жастағы швед қызы Грет Тунберг бастаған еді. Ол өткен жылдан бері Стокгольм қаласында үнсіз қарсылық шарасын өткізіп жүр. Сөйтіп жас табиғат жанашырының батыл бастамасы еуропалық жеткіншектердің қолдауына ие болған.

Йонес Хертц, шараға қатысушы:

- Германияда 2030 жылға дейін көмірді мүлдем пайдаланбай, қоғамдық көлікке қаржы көбірек бөлгенін қалаймыз. Өз үндеуіміз арқылы әлемдік мұхит деңгейінің көтеріліп келе жатқанына көңіл аударғымыз келеді. Себебі біздің болашағымыз саясаткерлердің шешіміне тәуелді.

Йозефина Смачич, шараға қатысушы:

- Саясаткерлер біздің талабымызға құлақ асып, климаттың өзгеруіне қарсы шараларды қолға алмайынша шерулерді өткізе береміз. Ауыл шаруашылығымен бірге энергетикалық салада да өзгерістер қажет.

Хабар 24 телеарнасы