387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Қытай тауарларына салық салуды кейінге шегеруі мүмкін

  • 609
  • UPD: 21:34, 23.02.2019
АҚШ Қытай тауарларына салық салуды кейінге шегеруі мүмкін

Сауда келіссөздері нәтиже бере бастаса Вашингтон Қытай тауарларына баж салығын енгізу мерзімін кейінге шегеруі мүмкін. Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді.

Қазір Вашингтонда Қытай Вице-премьері Лю Хэ бастаған делегация келіссөздер жүргізіп жатыр. Ендігі үміт соларға артылып отыр. Еске сала кетейік, Дональд Трамп пен Қытай басшысы Си Цзиньпин Аргентинадағы «үлкен жиырмалық» саммитінде кездесіп, сауда соғысын 90 күнге тоқтатуға келіскен. Содан бері екі жақ келіссөздер жүргізіп жатыр. 1 наурызға дейін өзара тиімді шешім шықпаса, АҚШ Қытайдың жалпы құны 200 млрд доллар болатын тауарына кедендік баж салығын көтермекші.

Хабар 24 телеарнасы