384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда қолдан жасалған ішімдіктен 84 адам уланып қайтыс болды

  • 504
  • UPD: 07:37, 24.02.2019
Үндістанда қолдан жасалған ішімдіктен 84 адам уланып қайтыс болды BBC

Үндістанның Ассам штатында 84 адам қолдан жасалған ішімдіктен уланып көз жұмды.

Тағы 200-ден астам тұрғын ауруханаға түсті. Олардың арасында әйелдер де бар. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, өлімнің көп болуына жақында плантацияда жұмыс істейтіндердің жалақы алуы себеп. Ал дәрігерлер уланғандардың саны арта түсуі мүмкін дейді. Өйткені өңірде жедел жәрдемді шақырған жандар көбейген.

Еске сала кетейік, осыдан 2 апта бұрын Үндістанның солтүстігінде де дәл осындай жағдай болып, 100-ден астам адам уланып қайтыс болған еді.

Хабар 24 телеарнасы