419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Молдовада парламенттік сайлау өтіп жатыр

  • 1065
Молдовада парламенттік сайлау өтіп жатыр

Молдова елінде парламент сайлауы өтіп жатыр.

Саяси дода алғаш рет аралас жүйе бойынша құрылған. Яғни депутаттардың жартысы партиялық тізім бойынша, ал екінші бөлігі бір мандатты округ негізінде сайланады. Елде 2 мыңнан астам сайлау бөлімшесі ашылған. Шетелдегілерінің саны 100-ден асады. Сайлауды 4 мыңнан астам жергілікті және халықаралық бақылаушылар қадағалайды. Алдын ала сауалнамаға қарағанда, ел президенті Игорь Додонның «Социалистер партиясы» парламенттегі орынның жартысын иеленуі мүмкін. Ал қалғаны оппозициялық «Қазір» блогына бұйыруы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы