384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хорватия билігі тұрғындарға көшеге шықпауды ескертті

  • 360
Хорватия билігі тұрғындарға көшеге шықпауды ескертті

Хорватияның Адриатика жағалауында сұрапыл дауыл тұрып, өңірдің астаң-кестеңін шығарды.

Сағатына 190 шақырым жылдамдықпен соғып, ұйытқыған жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, көліктерді аударып тастады. Үйлердің шатыры ұшып жатыр. Бірқатар тасжол мен көпір жабылып, кемелер тоқтап қалды. Сплит, Дубровник қалалары көп зардап шекті. Жергілікті билік тұрғындарға көшеге шықпауды ескертті. Ал сұрапыл дауыл әлі бірнеше күнге жалғасатын түрі бар.

Хабар 24 телеарнасы