384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладеште ер адам жолаушылар ұшағын басып алмақ болды

  • 359
  • UPD: 14:52, 25.02.2019

Бангладеште белгісіз ер адам жергілікті әуе компаниясының «Boeing 737» жолаушылар ұшағын басып алмақ болды. Көп ұзамай күдіктінің көзі жойылды. Оқиға Biman Bangladesh авиакомпаниясының ұшағы Читтагонг қаласының әуежайына қонған кезде болған.

Құқық қорғау органдары дереу жетіп, әуежай ғимараты қоршауға алынған. Бортта болған 148 жолаушы мен екі экипаж мүшесі эвакуацияланды. Ер адам ұшақты неліктен айдап әкетпек болғаны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша ол психикалық ауруға шалдыққан және Бангладештің премьер-министрімен сөйлестіруді талап еткен.

«Біз оны тұтқындамақ болдық, өздігімен берілуге көндіруге тырыстық. Бірақ ол бас тартты. Көзін жоюға тура келді. Оның қаруы болды», - деді журналистерге офицер Мотихур Рахман (Motiur Rahman).

BBC

Хабар 24 телеарнасы