418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде медбикелерден жоғарғы білім талап етіледі

  • 872
  • UPD: 11:56, 25.02.2019

Сапалы білім, жаңа технологиялар, жоғары жалақы. Израиль медицинасының дамуына не ықпал етті дегенде ойға осы ұғымдар келеді. Мықты маман, дәрігерлердің шеберлігі туралы айтса да болады. Түптеп келгенде дертіне шипа іздеген жұрт осылай қарай ағылады.

Бұл өмірде болуы мүмкін жағдай. Мотоциклден құлаған кісі ауыр жарақат алған. Сүйегі сынып, қаны кетіп жатыр. Еңіреп жылаған жұбайы да айқайымен дәрігерлердің мазасын алып отыр. Мұнда науқастың орнына манекен қолданылып, әйелінің кейпінде әдейі үйретілген актриса. Оның міндеті де сол - дәрігерлерге кедергі келтіру.

Бұл медициналық симуляция орталығы. Медбикеден бастап, әскери дәрігерлерге дейін осы орын арқылы әрбір маман өтуге тиіс. Бұл жерде әртүрлі жағдайларды көрсетіп, дәрігерлерді оған дұрыс әсер етуге үйретеді.

Амихай Зив, медициналық симуляция орталығының жетекшісі:

- Біз айтып жүргеннің ең бастысы, қателіктері ажалға әкелуі мүмкін. Сол себептен студенттерімізді әдейі қателесуге итермелейміз. Оны қалай болдырмауын білсін деп.

Израиль медицинасы осы деңгейіне технологиялар арқасында жеткен жоқ. Қазіргі кезде қаражаты болса, ол бәріне қолжетімді. Жетістігінің басты себебі көп сатылы білім беру. Тіпті медбике болу үшін жоғары білім мен магистр дәрежесі қажет.

Арье Битерман,  хирургия профессоры:

- Мен 8 жыл оқыдым. Алты жыл университетте және екі жыл интернатурада. Осыдан кейін ғана маған операция жасауға рұқсат еткен. Әрине жаттығып жүргенмін, бірақ дайын екеніме көзі жетпегенше өз бетімше операция жасауға жолатқан жоқ.

Израильде медициналық қызметтер жұмыс істейтіндерге қымбат емес, ал әлеуметтік жағынан осал топтарға дерлік тегін. Елдің әр тұрғыны мемлекеттің сақтандырумен қамтылған. Бірақ сақтандыру жүйесі қарастырмаған ақылы қызметтер де бар. Медициналық туристтер де емі үшін төлейді.

Михаил Чигиринский, медициналық туризм компаниясының басшысы :

- Профессорлар мен бөлім меңгерушілернің басым көпшілігі бізде жеке меншік кәсіппен айналысады. Яғни сағат үшке дейін мемлекеттік жұмысында істеп, зерттеулер жүргізеді. Ал бізде екінші жалақысын алып тұрады. Біз жеке меншік клиника ретінде дәрігерлердің деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттік ауруханасыз істей алмаймыз.

Әрбір дәрігер кемінде бір рет шетелде, әдетте Еуропа мен Америкада  ұзақ мерзімді тәжірибеден өтеді. Израильде медицина қызметкерлері өмір бойы біліктілігін жетілдіріп жүреді. Үнемі курстар, симпозиумдар мен конференцияларға қатысып, әріптестерімен тәжірибе алмасады.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы