384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия денсаулық сақтау саласына күніне 1 млрд еуродан астам ақша жұмсайды

  • 458
  • UPD: 11:57, 25.02.2019

Германияға ағылған туристердің қатары жыл сайын артып келеді. Берлиннің өзіне өткен жылы 13,5 млн шетел азаматы келген екен. Олардың бірі әйгілі Рейхстаг, Бранденбург қақпасы мен мұражайларын көруге келсе, енді бірі дертіне шипа іздеп келгендер. Германия медициналық туризмді дамыту үшін күніне қанша ақша бөледі? 

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген емделушілердің саны бір ғана Берлиннің өзінде 14 мыңға жетеді. Жалпы Германия билігі медицинаның дамуына жылына шамамен 374 млрд еуро бөледі. Бұл жалпы ішкі өнімнің 11 пайызы. Яғни денсаулық сақтау саласына күніне бір миллиард еуродан астам қаражат жұмсалады. Бірінше кезекте медициналық оқу орынында білім алып жүрген болашақ мамандарға аса назар аударылады. Ал емдеудің инновациялық әдістері мен заманауи құрал-жабдықтар медициналық туризмнің дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Статистикаға сүйенсек, неміс клиникалары жылына шетелден келген 250 мың науқасты қабылдайды.

Буркхард Кикер, «Vizit Вerlin» Берлиндегі туристік кеңсенің басшысы:

- Жыл сайын әлем елдерінен мыңдаған емделуші тексерілу үшін немесе емделуге келеді. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Қытай, Араб елдері, тіпті Америка Құрама Штаттарының тұрғындары. Берлин дүние жүзіндегі ең ірі медициналық орталықтардың бірі. Мысалы король Фридрих Вильгельм негізін қалаған Шарите клиникасы 300 жылдан астап уақыт жұмыс істеп келеді. Бізде нобель сыйлығының лауреаттары еңбек етеді. Әрдайым білгенімізбен бөлісіп, көмекке мұқтаж жандарға барынша көмек көрсетеміз. 

Германиядағы ең атақты клиникалардың бірі Берлинде, Гамбургте, Мюнхен мен Бонн қаласында орналасқан. Сарапшылардың айтуынша, науқастардың көбі жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары, онкологиялық аурулар мен қант диабетіне шалдыққандар. Түрлі дертке шалдыққан балалар да жиі келеді. 

Буркхард Кикер, «Vizit Вerlin» Берлиндегі туристік кеңсенің басшысы:

- Берлинде шетел азаматтарын қабылдайтын 14 клиника орналасқан. Олардың арасында жүрек ауруының орталығы бар. Онда бүлдіршіндерге трансплантация мен басқа да ота түрлерін жасайды. Берлин-Бух деп аталатын үлкен клиника да бар. Менің ойымша, бізде ең мықты мамандар жұмыс істейді. 

Қазақстан үшін де медициналық туризм саласын дамыту өте маңызды. Бұл отандық клиникаларымыздың табыс көзіне айналуы мүмкін. Мысалы Германияға келген емделуші жылына 1 млрд еуродан астам қаражат  жұмсайды. Ал бұл ақшаға клиникаға қажет құрал-жабдықтар алынып, қызметкерлердің қатары артып отырады.  

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы