382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте орхидеялар фестивалі өтіп жатыр

  • 453
  • UPD: 11:53, 25.02.2019
Нью-Йоркте орхидеялар фестивалі өтіп жатыр

Нью-Йорк ботаникалық бағы тағы түрлі-түрлі түске боянды. Себебі мұнда көктемнің алғашқы жаршысы орхидея гүлі фестивалі өтіп жатыр. Осымен 17-рет ұйымдастырылып отырған шара биыл «Алыс Сингапур» деп аталған.

Өйткені мамандар әйгілі сингапурлық бақтардан шабыт алып, адамдарды сол әсемдікпен таныстыруды мақсат еткен. Ал ресми дерекке қарағанда әлемде орхидея гүлдерінің ең көп түрі осы Нью-Йорк қаласы мен Сингапурда өседі екен. Аралды елдегі бақтар кинофильмдер арқылы да әйгілі болған. Сондықтан әдемі гүлдерді көруге келген адамдардың да қарасы көп. Фестиваль сәуірдің 28-іне дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы