433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ соты Чагос аралдарына қатысты шешім шығарды

  • 1408
БҰҰ соты Чагос аралдарына қатысты шешім шығарды

«Чагос аралдары Маврикийден 1965 жылы заңсыз бөлініп алынған. Сондықтан Ұлыбритания оны басқаруды тез доғаруы тиіс».

Мұндай шешімді Гаагадағы БҰҰ соты шығарды. Лондон Чагос аралдары мәселесі екіжақты келіссөз арқылы шешу керек деп мәлімдеді. Айта кетейік, Ұлыбритания 1965 жылы Маврикийді отарында ұстап тұрған кезде Чагос аралын бөліп алған. 3 жылдан кейін Маврикий тәуелсіздігін жариялайды. Бірақ Чагос ағылшындардың басқаруында қалады. 1966 жылы АҚШ Чагостың ең ірі аралы Диего Гарсианы жалға алып, әскери база құрды.

Хабар 24 телеарнасы