432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Молдовада жаңа коалиция құрылады

  • 1077
Молдовада жаңа коалиция құрылады

Молдовада жаңа сайланған парламент құрамына 4 партия кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда олардың біреуі де басым көпшіліктің дауысына ие болмағандықтан, жаңа коалиция құруға міндетті. Болмаса қайта сайлау өткізу керек. Естеріңізге салайық, Молдовада өткен парламенттік сайлауда дауыс берушілердің 49 пайызы ғана таңдауын жасады. Саяси додада депутаттар 4 жылға сайланды. Негізгі тартыс мемлекет басшысы Игорь Додон төрағалық ететін социалистер партиясы мен басқарушы Демократиялық партиясы және Acum оппозициялық блогы арасында болды.

Алина Руссу, орталық сайлау комиссиясының басшысы:

– Ұлттық сайлау округінің қорытындысы бойынша социалистер партиясы – 31,32 пайыз, Acum оппозициялық блогы – 26,41 пайыз, Молдованың демократиялық партиясы – 23,86 пайыз, ал Шор саяси партиясы 8,4 пайыз дауысқа ие болды.

Хабар 24 телеарнасы