426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иран сыртқы істер министрі кенеттен отставкаға кетті

  • 1047
  • UPD: 18:08, 26.02.2019
Иран сыртқы істер министрі кенеттен отставкаға кетті

Иранның сыртық істер министрі Мухаммад Джавад Зариф аяқ астынан отставкаға кетті. Зариф қызметін босататыны жайлы Инстаграм арқылы хабарлады.

Ол 67 айдан бері өзі қызмет көрсеткен Иран халқына алғысын білдіріп, бұдан әрі қызметін жалғастыра алмайтыны үшін кешірім сұрады. Алайда қызметтен кету себебін ашып айтпады. Айта кетерлігі, ирандық саясаткер әлемдік державалармен жасасқан ядролық келісімнің архитекторы іспеттес. Аталған ядролық бағдарламаның көмегімен Иранның экономикалық санкциялардан арылуына жағдай жасады. Естеріңізге сала кетсек, былтыр АҚШ  бұл келісімнен шығып, ирандық мұнай секторына қайтадан шектеулер енгізді. Осы себепті Зариф батысқа қарсы күштерді қолдайтындар тарапынан сынға ұшырады. Иран Президенті Хасан Рухани сыртқы істер министрін қызметінен босата ма – ол жағы әлі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы