424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанның әуе күштері Кашмир аймағына соққы берді

  • 1059
  • UPD: 23:15, 26.02.2019

Үндістанның әскери әуе күштері Пәкістандық Кашмир аумағында орналасқан содырлардың базасына шабуыл жасады. 

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметі бойынша «Джаиш-э-Мохаммад» сепаратистік тобының лагері талқандалған. Әскерилердің айтуынша, операция кезінде лаңкестердің көзі жойылды. Алайда қанша адамның қаза тапқаны әлі бегісіз. Естеріңізге сала кетсек, Үндістандағы Кашмир аумағында жанкешті өзін жарып, 46 әскериді ажал құштырған болатын. Үндістан тарабы бұған Пәкістанның қатысы бар деген айып таққан соң, қос ел арасындағы қатынасқа сызат түсті.

Хабар 24 телеарнасы