385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейродағы өртенген мұражай қайтадан ашылады

  • 353
  • UPD: 22:23, 26.02.2019
Рио-де-Жанейродағы өртенген мұражай қайтадан ашылады

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы өртенген мұражай қайта жанданбақ. Қазір онда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал табылған жәдігерлер мен экпонаттар 27 ақпанда өтетін көрмеде ұсынылмақ. Онда 283 экспонат көпшілік назарына ұсынылады. Оның 103-і мұражай үйіндісінен табылған. Естеріңізге салайық, 2-нші қыркүйек күні өртенген мұражайда 20 миллионнан астам тарихи жәдігер мен Латын Америкасындағы ең ірі артефактілер топтамасы сақталған болатын. 

Клаудия Карвальо, мұражай қызметкері:

- Мәдени мұра болып қалған заттарды сақтап қалуымыз керек. Өртенген мұражайдың ішінен  табылған экспонаттар мен тарихи жәдігерлер жөндеу жұмыстарынан өтті. Жұмысымыздың нәтижесін көрсету - біз үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы