384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак тұрғыны 50 жыл жинаған жәдігерлері үшін мұражай сұрап отыр

  • 629
  • UPD: 08:04, 27.02.2019
Ирак тұрғыны 50 жыл жинаған жәдігерлері үшін мұражай сұрап отыр

Ирактың Наджеф қаласында Юсуф Акара есімді ұстаз 50 жыл бойы жинаған жәдіргерлерін үйіне сыйғыза алмай әлек.

Салдарынан жарты ғасыр жинаған жәдігерлері көпшілік назарынан тыс қалып қоя ма деп алаңдайды. Өйткені құнды қазынаны көремін деушілерді қарсы алуға үй тарлық етіп отыр. Осыған байланысты жергілікті әкімдік мұражай тұрғызуға жер сұрап, Юсуф Акардың жинағын жаңа ғимаратқа көшіруді жоспарлап отыр.

Айта кетсек, қарапайым ұстаз осы уақыт ішінде бірегей артефактілер топтамасын жинап үлгерген. Оның ішінде Наполеон дәуірінен қалған тапаншалардан бастап британ әскерлерінен тартып алынған қаруларға дейін бар. Бүгінде оның топтамалары 419 мың долларға бағаланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы