388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дональд Трамп пен Ким Чен Ын бүгін екінші рет кездеседі

  • 709
  • UPD: 10:27, 27.02.2019

Ханойда бүгін бүкіл әлем күткен тарихи кездесу басталады.

Солтүстік Корея және АҚШ басшылары Ким Чен Ын мен Дональд Трамп Корея Халық Демократиялық Республикасының ядролық қарусыздандыру мәселесін қарастырады. Вьетнам астанасына біздің түсіру тобымыз арнайы барған.

Біз қазір «Софитель Ледженд Метрополь» қонақүйінің қасында тұрмыз, дәл осы жерде бүгін Солтүстік Корея және АҚШ басшылары кездеседі. Ақ үй кеше таратқан мәлемдемесі бойынша, Трамп пен Кимнің жеке кездесуі кешке 6 сағат 40 минутта басталып, 7 сағатта аяқталады. Содан кейін екі ел басшылары кешкі асқа барады. «АҚШ президенті бұрыннан айтып жүр, оның мақсаты Пхеньян ядролық қарудан бас тартса», – дейді. Бірақ талап етсе де мұнша уақыт ішінде деп шектеу қойып отырған жоқ. Бірінші кездесуден кейін Солтүстік Корея ядролық және зымыран сынау өткізбеді, Трамптың сөзінше, бұл жақсы нәтиже. Екінші кездесуде Пхеньянның ядролық қарусыздандыруы қалай өтетіні белгілі болады. Тағы бір талқыланатын мәселе – қос Корея мемлекеттер арасындағы соғысты ресми түрде аяқталуы. Бұл тарихи құжатқа АҚШ және КХДР қол қояды деп күтілуде.

Дайындық жаман емес. Бірақ байқағаным, мыңдаған мотоцикл жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жаяу жүргіншілерді өткізбейді. Ол дәстүр бұрын жоқ еді. Айта кетейін, жол қауіпсіздігін бір мыңнан астам жол инспекторы бақылауда. Оған қоса мыңдаған әскер, полиция қызметкерлері тәулік бойы күзетіп отыр.

Ким Чен Ынды қорғауға Ханойға арнайы Солтүстік Корея қауіпсіздік комитетінің жүзден астам офицері келген. Ал Трамп қауіпсіздігін АҚШ құпия қызметінің екі жүзден астам қызметкері қамтамасыз етеді. Тарихи кездесу әлемдік БАҚ назарында. Саммит туралы ақпарат тарату үшін Вьетнам астанасына қырық елден үш мың бес жүзден астам тілші келген.

Еске сала кетейін, Сингапурда өткен АҚШ-КХДР саммитіне 2500 БАҚ өкілдері келген. Біз де халықаралық медиа орталықта жұмыс жасаймыз. Сондықтан бүгінгі кездесу туралы толық ақпаратты кешке жебереміз.

Авторы: Владислав Цой

Хабар 24 телеарнасы