383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде су тасқынынан 50 адам қаза тапты

  • 557
  • UPD: 12:10, 27.02.2019
Перуде су тасқынынан 50 адам қаза тапты Метео-ТВ

Перудің солтүстік және орталық жағалауларында тоқтаусыз жауған жауын соңы су тасқынына ұласты.

Салдарынан кемінде 50 адам қаза тауып, мыңдаған отбасы зардап шеккен. Табиғи апаттан көпірлер мен мектептерге және басқа да ғимараттарға зақым келді. Қазіргі таңда ел үкіметі зардап шеккен аймақтарға азық-түлік пен ауызсу жеткізіп жатыр. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуынша, жауын-шашын маусымы наурыз айында да жалғасады. Ал бұл елдің солтүстігі мен орталық жағалауына қосымша залал келтіруі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы