389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда шыныдан 80 метрлік «Махаббат көпірі» салынды

  • 819
  • UPD: 23:51, 27.02.2019
Вьетнамда шыныдан 80 метрлік «Махаббат көпірі» салынды moya-planeta.ru

Желілерде Вьетнамда технологияның соңғы үлгілерімен жасалған ұзындығы 80 метрлік 5D-көпірдің алғашқы фотосуреттері пайда болды.

5D технологиясымен салынған алғашқы шыны көпір Ханойдан 200 шақырым қашықтықтағы Сон-Ла провинциясының Мок-Чау ауданында орналасқан. Көпірдің негізгі жері жүрек және лотос жапырақтары түрінде жасалған. Вьетнамның бұл жаңа көрнекі жері ерекше шыныдан салынып, оған әлемнің ең соңғы технологиясы 5D - сенсорлық экрандар қолданылған. Яғни көпірдегі саяхатшылардың бұл технология арқылы судағы балықты, бүршік жарған гүлдерді көруге мүмкіндігі бар. Көпірде бір мезетте 70 адам серуендей алады. Сонымен қатар олар Дай-Ием сарқырамасын да тамашалай алады.

Ақпарат көзі: moya-planeta.ru

Хабар 24 телеарнасы