424.28 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанға тиесілі әскери ұшақ құлады

  • 871
  • UPD: 07:39, 28.02.2019
Үндістанға тиесілі әскери ұшақ құлады

Үндістандық әуе күштеріне тиесілі ұшақ апатқа ұшырады. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, апат кезінде екі әскери ұшқыш пен тағы бір бейбіт тұрғын қаза тапты.

Ал пәкістандық әуе күштері болса, Үндістанның екі әскери жойғыш ұшағын атып түсіргенін мәлімдеп отыр. Айта кетерлігі, қос елдің арақатынасы қазіргі таңда ушығып тұр. Кеше ғана Үндістан Пәкістанға қарасты Кашмир аумағына әуеден шабуыл жасады. Осылайша ресми Нью-Дели сол жерде орналасқан содырлардың көзін жоюды мақсат еткен. Естеріңізге сала кетсек, ақпанның 14-і күні «Джаиш-э-Мухаммад»  сепаратистік тобының жанкештісі Үндістанға қарасты Кашмир аумағында өзін өзі жарып жіберіп, тағы 46 әскериді ажал құштырды. Ресми Нью-Дели тарабы бұл лаңкестік әрекетті Пәкістан ұйымдастырды деген айып таққан.

Хабар 24 телеарнасы