389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каирде пойыз апатынан қаза тапқандар саны артты

  • 558
  • UPD: 08:16, 28.02.2019
Каирде пойыз апатынан қаза тапқандар саны артты

Каирде локомотивтің темір жол станциясындағы кедергіге соқтығысуынан болған апат салдарынан қаза тапқандар саны 28 адамға жеткен, 50 шақты адам түрлі жарақат алған.

Апат кезінде Мысырдың орталығында орналасқан Рамзес стансасы лезде қара түтінге оранды. Куәгерлер өртке дейін поезд қозғалтқышынан жалын шыққанын айтады. Теміржол станциясына соғылған сәтте жарылыс болып, ғимарат бірден отқа оранған. Жалпы Египеттегі теміржол байланысы аймақтағы ең ірісі және ең көнесі саналады. Сондықтан онда оқыс оқиғалар жиі болып тұрады.

Хабар 24 телеарнасы