420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль ғалымдары терінің жарақатын тез жазатын спрей ойлап тапты

  • 1307
  • UPD: 09:34, 28.02.2019

Израиль ғалымдары теріні қалпына келтіретін спрей ойлап тапты. Оның көмегімен күйік пен зақымданған теріні ауыртпалықсыз емдеуге болады.

Сонымен қатар спрей ауруды бәсеңдетіп, жараның жылдам жазылуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ғалымдардың жаңалығы сынақтан өту үшін Израиль мен Еуропа елдерінің ауруханаларына жіберілді. Жоба авторларының айтуынша, медициналық спрей 2019 жылдың ортасында іс жүзінде кеңінен пайдаланылып, нарыққа шығады деген жоспар бар. 

Йозеф Хаик,  ұлттық күйік орталығының директоры:

- Біз спрей арқылы жараны тиіспей таңғыш тартамыз. Науқас кейде не істеп жатқанымызды да сезбей қалады. Тек ем аяқталуға жақын қалғанда ғана терідегі өте жұқа қабатты байқауы мүмкін. Зақымданған жерлерді жабу арқылы біз ауыртпалықты азайтып, емнің тиімділігін арттырамыз.

Хабар 24 телеарнасы