380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамптың Ким Чен Ынмен қандай мәселені талқылағаны белгісіз

  • 265
  • UPD: 11:35, 28.02.2019

Ханойда АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары саммитінің 2-күні өтіп жатыр. Бүгінгі кездесу де екі мемлекет басшыларының жеке келіссөзімен ашылды.

Ол 45 минутқа созылады деп белгіленген. Содан кейін мемлекет басшыларына қос тараптың делегациясы қосылып, келіссөз ары қарай жалғасады. Саммит бірлескен құжатқа қол қою рәсімі және бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесумен аяқталмақ. Басқосудың негізгі тақырыбы - Корея түбегін ядролық қарудан азат аймақ ету. Айта кетейік, кеше президент Трамп пен Ким Чен Ын кездесуінің бірінші күні өтті. Бұл өткен жылғы Сингапурдегі саммиттен кейінгі алғашқы басқосу болды. Қос мемлекет басшысы жеке-дара жүздесіп, одан кейін бірге кешкі ас ішті. Бірақ басқосуда қандай мәселелер талқыланғаны әзірге беймәлім.

Ким Чен Ын, Солтүстік Корея басшысы:

- Осы кездесудің өтетініне күмән келтіргендер болды. Сондықтан біздің бетпе-бет жүздесіп отырғанымыз олар үшін фантастикалық кино сынды. Бірақ біз бұл үшін көп еңбек еттік. Мен кездесудің нәтижелі аяқталуы үшін барлық күш-жігерімді саламын. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Төраға Ким Чен Ын сізге алғысымды білдіремін. Бүгін екеуіміздің қайта бас қосып өзекті мәселелерді талқылауымыз керемет жетістік. Екеуара байланыс жалғаса беретініне сенемін. Кеше кездесуіміз өте нәтижелі өтті. Жалпы кездесу жемісті болатынына сенімім мол.

Хабар 24 телеарнасы