389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей мен Өзбекстанның ұшақтары Кашмирді айналып өтті

  • 671
  • UPD: 13:28, 28.02.2019
Ресей мен Өзбекстанның ұшақтары Кашмирді айналып өтті

Пәкістан мен Үндістанның әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Өзбекстан мен Ресейдің әуе тасымалдаушы компаниялары Түркменстан мен Иран арқылы халықаралық рейстерін орындауға бел буды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Өзбекстан билігі үндінің Амритсар қаласына шыққан ұшағын Ташкентке кері қайтарып алды.  Сонымен қатар,  Эйр Индия компаниясының Нью-Йорк — Дели бағытындағы ұшағы да Ташкентте жоспарсыз қонған. Ал бортында 334 жолаушысы бар Санкт-Петербург қаласынан Таиландтың Краби қаласына шыққан ұшақ Екатеринбург әуежайына қонуға мәжбүр болды. Тайландтың халықаралық әуежайы Пәкістан мен Еуропаға ұшатын рейстерді де кейінге шегерді. Салдарынан мыңдаған адам жолдан қалды.

Хабар 24 телеарнасы