388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каирдегі апатқа тепловоз жүргізушілерінің ұрыс-керісі себеп болған

  • 535
  • UPD: 13:33, 28.02.2019
Каирдегі апатқа тепловоз жүргізушілерінің ұрыс-керісі себеп болған

Каирдің теміржол вокзалында локомотивтің апатқа ұшырауына екі тепловоз жүргізушісінің ұрыс-керісі себеп болған.

Бұл туралы осы елдің бас прокуроры Набиль Садек мәлімдеді. Оның айтуынша, апаттан бұрын локомотивтің жүргізушісі жолын бөгеген екінші тепловоздың жүргізушісімен сөйлесуге далаға шығады. Осы кезде құрам қозғалып, басқарусыз қалған локомотивті қаққан. Содан локомотив перронға соғылып, өртке оранған. Салдарынан 25 адам қаза тауып, 50 тұрғын жарақат алды. Жүргізуші ұсталды. Елдің көлік министрі отстакаға кетті.

Хабар 24 телеарнасы