405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Солтүстік Корея келісімге келе алмады – БАҚ

  • 1232
  • UPD: 14:40, 28.02.2019

Ханойда АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары саммитінің 2-күні тәмамдалды. Бүгінгі кездесу екі мемлекет басшыларының жеке жолығуымен ашылған еді. Жиын 30 минутқа созылды.

Бұдан кейін мемлекет басшыларына қос тараптың делегациясы қосылып, келіссөздер әрі қарай жалғасты. Саммит бірлескен құжатқа қол қою рәсімі және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесумен аяқталуы тиіс болатын. Бірақ соңғы мәлімет бойынша қос тарап ешқандай келісімге келмеген. Дәл қазір президент Трамптың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы