385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дональд Трамп Ханойдан кетті

  • 448
  • UPD: 17:10, 28.02.2019
Дональд Трамп Ханойдан кетті

АҚШ пен Солтүстік Корея саммиті аяқталып, АҚШ президенті Дональд Трамп Ханойдан кетті.

Келіссөздер белгілеген уақыттан ертерек аяқталғандықтан, АҚШ президенті Дональд Трамп сәйкесінше баспасөз мәслихатын ерте өткізген еді. Бұл жолы журналистермен кездесуге Ақ үй басшысы солтүстіккореялық әріптесі Ким Чен Ынмен емес, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен келді. Саммит қорытындысы бойынша нақты келісім жасалмады. Ортақ мәмілеге келу үшін ұзақ уақыт талап етіледі. Осылай деп түйіндеген Дональд Трамп ядролық қарусыздану мәселесінде алға ілгерілеушілік болмағанымен, Солтүстік Кореямен арақатынастың мығым екенін атап өтті. Баспасөз мәслихатынан кейін көп ұзамай Ақ үй басшысы АҚШ-қа жол тартты.

Хабар 24 телеарнасы