384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда ауаның ластануына байланысты ерекше тәртіп енгізілді

  • 414
  • UPD: 17:10, 28.02.2019
Францияда ауаның ластануына байланысты ерекше тәртіп енгізілді

Ауа райының тым жылынуына байланысты Францияның ірі қалаларында жолда жүрудің ерекше тәртібі енгізілді.

Париж бен Лилльде ауаны ең көп ластайтын автокөліктер қозғалысына тыйым салынған. Әдетте бұл ескі дизель көліктеріне қатысты. Франция астанасында ауа температурасы 21 градусқа дейін көтеріліп, күн тымық болып тұр. Қалаға кіреберістерде полиция бекеттері орнатылып, жүруге тыйым салынған көліктерді жібермей отыр. Бұл ережені бұзғандарға 68 еуро мөлшерінде айыппұл салынады.

Хабар 24 телеарнасы