385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейрода екі пойыз соқтығысып, машинист көз жұмды

  • 404
  • UPD: 10:57, 01.03.2019
Рио-де-Жанейрода екі пойыз соқтығысып, машинист көз жұмды

Рио-де-Жанейрода екі пойыз соқтығысып, бір машинист қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 8 адам жарақат алды. Қайғылы оқиға Рио орталығындағы станциялардың бірінде болды. Нақтырақ айтқанда, тоқтап тұрған пойыздың арғы жағынан басқа пойыз жылдамдықпен келіп соғылған. Апат кезінде үйінді астында қалған пойыз машинисін 30-ға жуық өрт сөндіруші 7 сағат бойы құтқаруға тырысты. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы