384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия Италия, Грекия және Кипр елдерінен қарыз мәселелерін шешуді талап етті

  • 726
  • UPD: 14:17, 01.03.2019
Еурокомиссия Италия, Грекия және Кипр елдерінен қарыз мәселелерін шешуді талап етті

Италия, Грекия және Кипрдің қаржылық қиындықтары бүкіл Еуроаймаққа қауіп төндіріп отыр.

Бұл туралы Еурокомиссия өкілдері Еуроодақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде жасаған баяндамасында мәлімдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одақтың атқарушы органы осы елдерден шұғыл түрде қарыз мәселелерін шешіп, қаржылық жүйесін тұрақтандыруды талап етті. Брюссельді Италияның бюджеті алаңдатып отыр. Грекия ұзақ жылдарға созылып кеткен қатал үнемдеу шараларынан әлі қалпына келген жоқ. Бұл елдің қарызы Жалпы ішкі өнімінің 180% құрап отыр. Сондай-ақ қаржылық жүйелері тұрақты Франция, Германия мен Нидерландтың да қиындықтары бар екені анықталды. Францияда еңбек өнімділігінің төмендеуі тіркелсе, соңғы екі елде үлкен сауда профициті бар. Рас, бүкіл Еуроодақ аймағында жұмыс орындарының саны едәуір өскен.

Пьер Московиси, экономика және қаржы бойынша еурокомиссар:

- Грекияның қаржылық жүйесі әлі үйлестірілмеген. Қаржылық көмек бағдарламасынан шыққан Португалия мен Кипр де осындай мәселеге тап болған. Италия экономикасының қиындықтары бәріне мәлім. Бұл өте үлкен мемлекеттік қарызы, еңбек өнімділігінің төмен өсімі. Жұмыссыздық азайып жатқанмен, банк несиелері жұмыс істемейтіндіктен, бұл көрсеткші әле де жоғары болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы