389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иордания астанасын су басып, көлік қатынасы тежелді

  • 567
  • UPD: 13:07, 01.03.2019
Иордания астанасын су басып, көлік қатынасы тежелді

Иордания астанасы Амманды су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан жолдардағы көлік қатынасы тежелді. Ондаған автокөлік тұрып қалған. Жергілікті билік, аймақта қауіптің жоғарғы деңгейін хабарлап,  төтенше жағдай жариялады. Табиғат апатынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Құтқарушылар тұрғындарды балаларына сақ болып, үйлерінен шықпауға шақырады.

Айта кетейік, өткен жылы елдегі дәл осындай су тасқынынан 20 адам мерт болған еді.

Хабар 24 телеарнасы