384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода қарулы топ Эбола дертін емдеу орталығын өртеп жіберді

  • 328
  • UPD: 08:02, 03.03.2019
Конгода қарулы топ Эбола дертін емдеу орталығын өртеп жіберді

Конго Демократиялық Республикасының Бутембол қаласында қаруланған бір топ адам Эбола дертін емдейтін медициналық мекемеге шабуыл жасап, орталықты өртеп жіберген. 

Ізінше тәртіп сақшыларымен қақтығысып, атыс ашқан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар науқастарды шұғыл эвакуациялауға кіріскен. Әзірге жауапкершілікті ешбір қылмыстық ұйым өз мойнына алған жоқ. Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елде өткен жылдың тамызынан бері эбола дертінен 500-ге жуық адам көз жұмды. Соған қарамастан жергілікті тұрғындар Эболаға қарсы екпе қабылдаудан бас тартып жүр.

Хабар 24 телеарнасы