427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей Венесуэлаға дәрі-дәрмек пен бидай жөнелтетін болды

  • 1059
  • UPD: 08:50, 02.03.2019
Ресей Венесуэлаға дәрі-дәрмек пен бидай жөнелтетін болды EADaily

Венесуэланың ұлттық мұнай компаниясының кеңсесі Португалиядан Мәскеуге көшетін болды.

Мұндай нұсқауды президент Николас Мадуро берген. Бұл туралы Боливариан Республикасының вице-президенті Дельси Родригес Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында оппозиция басшысы Хуан Гуаидо өзін-өзі елдің уақытша президенті деп жариялаған еді. Мадуроның саясатына қарсы АҚШ Гуаидоны қолдағанымен, санкцияларды күшейте түсті. Атап айтқанда, «Петролеос Венесуэла» ұлттық мұнай компаниясының активтерін бұғаттап тастады. Ал ағылшын банкі Венесуэланың орталық банкіне тиесілі 14 тонна алтынын бермей қойды. Дағдарыс белең алған елдің әл-ауқаты нашарлай түскен. Сол себепті, Мадуроға жақтасқан Ресей тарапы Венесуэлаға дәрі-дәрмек пен бидай жөнелтетін болды.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:

- Гуманитарлық жағдайды ескере отыра, Ресей Венесулаға көп мөлшерде бидай жеткізіп, жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі деген ойдамын. Мұндай көмек Венесуэла үкіметіне ағымдағы мәселелерді шешуге сеп болады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы