376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канада Huawei топ менеджерін АҚШ-қа бермек

  • 679
  • UPD: 16:53, 03.03.2019
Канада Huawei топ менеджерін АҚШ-қа бермек Vesti.Ru

Канада билігі қытайлық Huawei компаниясының топ менеджері Мэн Ваньчжоуды АҚШ-қа бермек.

Ол осыдан 3 ай бұрын Ванкуверде тұтқындалып, кейін кепілмен босатылған. Канаданың әділет министрлігінің мәліметінше, Мэн Ваньчжоуды экстрадициялауға дәлел жеткілікті. Ал күдіктінің адвокаттары оның кінәсіздігін айтып, бұл істе саяси астар барын алға тартып отыр. Оттаваның бұл шешіміне ресми Бейжің де қынжылыс білдірді.

АҚШ Мэн Ваньчжоуға қаржылық алаяқтыққа барып, Иранға салынған санкция талаптарын бұзды деген айып тағып отыр. Сондай-ақ оның арнайы бөлімшесі өндірістік тыңшылықпен айналысты деген күдік бар.

Хабар 24 телеарнасы