Хорватияда журналистер биліктен сөз бостандығын қорғауды талап етіп, шеру өткізді.
БАҚ өкілдері шаһар орталығына жиналып, үкіметке 8 талап қойды. Олардың арасында сот арқылы қысым жасауды тоқтату, сапалы ақпарат құралдарын қолдау, кей заңдарды өзгерту сынды шарттар бар. БАҚ өкілдерінің айтуынша, қазір мемлекеттік органдар тарапынан журналистік сынға қысым көрсету кеңінен белең алған. Ал билік елде сөз бостандығына еш қауіп жоқ деп жайбарақат отыр.