389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда қауіпсіз пана іздеушілер саны артты

  • 546
  • UPD: 10:22, 04.03.2019
Пәкістанда қауіпсіз пана іздеушілер саны артты gordonua.com

Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіске байланысты қауіпсіз пана іздеген тұрғындардың саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пәкістан қарауындағы Кашмирдің Хатиан Бала елді мекеніндегі лагерьге 400-ден астам бейбіт тұрғын жиналды. Әлеуметтік орталыққа келген халық атыс-шабыстан әбден зәрезап болған.

Айта кеткен жөн, демалыс күндері Исламабад пен Нью-Дели арасында атыс болып 11 адам қаза тапқан еді. Пәкістан қарауындағы Кашмирден 7, Үндістаннан 4 адам көз жұмған. Арасында бейбіт тұрғындар да бар. Сондай-ақ тұрғын үйлер де қирап қалған.

Еске сала кетейік, екі тарап арасындағы қарым-қатынас 14 ақпан күні ушықты. Ол кезде лаңкес-жанкешті үнді әскерилері бар автобусқа өз көлігімен соғылып, жарып жіберген еді. Салдарынан 45 үнді әскері қаза тапқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы