383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эстонияда парламент сайлауы аяқталды

  • 515
  • UPD: 14:41, 04.03.2019
Эстонияда парламент сайлауы аяқталды Тасс

Эстонияда өтіп жатқан парламент сайлауында «Реформа партиясы» жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қорытынды есептер бойынша оппозициялық оң либералды партия халықтың 30% дауысын жинап, палатадағы 101 мандаттың 34-іне ие болды. Екінші орынға 22% тұрғындардың қолдауымен Центристтік партия жайғасты. Үштікті Эстонияның Консервативті ұлттық партиясы бекітті.

Еске сала кетейік, парламенттік сайлау өткен жексенбіде басталған еді. Барлығы 450 учаске жұмыс істеді. Сайлауда 10 партия мен 15 тәуелсіз кандидат бақ сынасты.

Хабар 24 телеарнасы