384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда қалып қойған отандастарымыз елге оралды

  • 527
  • UPD: 15:34, 04.03.2019

Үндістанда қалып қойған 68 отандасымыздың барлығы елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде Делиден қатынайтын ұшақтар Астана мен Алматыға жолаушыларды тасымалдап жатыр. Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойышна шетелге саяхаттауға барған отандастарымыз өз демалысын уақытынан бұрын үзген емес.

Айта кетейік, Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуалға байланысты Делиден Астанаға қатынайтын ұшақ рейстері тоқтатылған болатын.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Бүкіл жолаушылар елшілікте болды. Елшілік көмегін көрсетіп, жағдайын жасады. Ең басынан біз бақылауға алып, назарымызда болды. Біздің консул, елшінің өзі жұмыс тобын басқарып, қалған жолаушылардың барлығына көмегін беріп елге қайтарды.

Ал Ауғанстанмен еліміз экономикалық ықпалдастықты жандандыруға ниетті. Отандық компания онда теміржол торабын салу үшін тендер ұтып алды. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық компания 350 мың тонна теміржол рельстерін жеткізетін болады. Жобаны ауған үкіметі қаржыландырады. Бірақ Сыртқы істер министрлігі, ондағы ахуал шешімін таппай, отандық бизнесмендердің қауіпсіздігіне 100% кепілдік бере алмайды.

Хабар 24 телеарнасы