414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістан мен Пәкістан бір-біріне қарсы тағы да оқ ашты

  • 2565
  • UPD: 15:25, 04.03.2019
Үндістан мен Пәкістан бір-біріне қарсы тағы да оқ ашты

Үндістан мен Пәкістан әскерлері Кашмир аумағында тағы да бір-біріне қарсы оқ ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үндістан қауіпсіздік министрлігінің ресми өкілі, подполковник Девендер Ананд мәлімдеді. Оның айтуынша, Астана уақытымен таңғы 3:30 шамасында пәкістандық әскерилер еш себепсіз Акнур аумағын атқылап, оқ атпау режиімін бұзған. Нью-Дели тиісінше жауап қатқан. Қарулы қақтығыс тек үш сағаттан соң аяқталған. Әзірге жапа шеккендер мен құрбандар туралы ресми мәліметтер жоқ.

Еске сала кетейік, екі тарап арасындағы қарым-қатынас 14 ақпан күні ушықты. Ол кезде лаңкес-жанкешті үнді әскерилері бар автобусқа өз көлігімен соғылып, жарып жіберген еді. Салдарынан 45 үнді әскері қаза тапқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы