384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралиядағы штатта 9 ғимарат күлге айналды

  • 446
  • UPD: 07:37, 05.03.2019
Австралиядағы штатта 9 ғимарат күлге айналды Point.md

Австралияның Виктория штатында 25 өрт ошағы тіркелді. 

Штат бойынша 9 ғимарат күлге айналды. Олардың бесеуі тұрғын үй. Сонымен қатар 6 гектар орманды жер өртенді. Апаттан 17 елді мекенде төтенше жағдай режимі жарияланды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін ондаған арнайы техника мен 300-ге жуық маман және 3 тікұшақ жұмылдырылды. Қатты жел мен ыстық ауа райының салдарынан өрт санаулы минуттарда ойлы-қырлы жерлерге тез тарап кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына найзағайдың жарқылдауы себеп болған. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді, айтуынша аптап ыстық әлі 2 күн бойы сақталады. 

Хабар 24 телеарнасы