423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанның Кашмирінде мектеп пен дүкендер қайта ашылды

  • 1492
  • UPD: 09:50, 05.03.2019
Үндістанның Кашмирінде мектеп пен дүкендер қайта ашылды

Пәкістан мен Үндістан арасындағы қарулы қақтығыстан соң, Кашмирдегі жағдай қайта қалпына келіп жатыр.

Бақылау сызығына жақын орналасқан елді мекендерде мектептер бұрынғы режимге көшіп, дүкендер есігін айқара ашты. Лагерьге тығылған тұрғындар да үйіне оралып жатыр.

Айта кетейік, екі тарап демалыс күндері бір-біріне қарсы оқ ашып, салдарынан 11 адам көз жұмған еді. Оның жетеуі үнді болса, төртеуі пәкістандықтар. Нью-Дели мен Исламабад қарым-қатынасы 14 ақпан күні қайта ушыққан еді. Ол кезде лаңкес-жанкешті көлігін әскерилердің автобусына соғып, жарып жіберген болатын. Салдарынан 45 үнді әскері көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы